Provisioning профилін қосу

Provisioning профилін iOS MDM серверіне қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын ашыңыз.
  2. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  3. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында iOS MDM серверін таңдаңыз.
  4. iOS MDM серверінің контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесі ашылады.

  5. iOS MDM сервері сипаттары терезесінде Provisioning профильдері бөліміне өтіңіз.
  6. Provisioning профильдері бөлімінде Импорттау түймесін басып, provisioning профиліне апаратын жолды көрсетіңіз.

Профиль iOS MDM сервері параметрлеріне қосылады.

Экспорттау түймесі арқылы provisioning профилін файлда сақтауға болады.

Импортталған provisioning профиліңізді iOS MDM құрылғыларына орната аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу